“БАБАДАН АМАНАТ” ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ

13-14 қараша 2018 жылы “БАБАДАН АМАНАТ” ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының үлкен залында өтілді

Ұйымдастырушы: Жастар саясатының басқармасы мен химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.

Қатысушылар: Фармация мектебінің 2-курс студенттері

Фестиваль аясында орындалған әндер:
– Есір Айшуақұлы “Жалды қара”; – Дәулеткерей “Жігер”; Құрманғазы “Бұлбұл”, “Айда бұлбұл Айжан-ай”, “Жігер”, “Сары арқа”- Алмас Алматов “Жыр бастауы”- Абыз “Толғау”
– Тоқа “Бозайғыр”, “Саржайлау”- Әшімтай “Қоныр қаз” – Халық әні “Балжан”- Махамбет “Жұмыр-Қалыш”- Қазанғап “Кәрі Ақжелең”- Зілғараның әні “Жиырма бес”- Қауен “Сен-ау”- Боранқұл “Кең жайлау”- Қазанғап “Жем суының тасқыны”- “Тұрмағамбеттің термесі”
– Т.Момбек “Салтанат”- Шал мырза “Ташауыз”- Мұхиттың әні “Көк айдай”- Ықылас “Аққу”- Абыл “Нарату”
Орындаушылар:
Сержан Шәкіратов, Айтжан Тоқтаған, Ермек Қазиев, Алмас Алматов, Базархан Қосбасаров, Мұхамеджан Тілеухан, Едіге Нәбиев, Біләл Ысқақов, Қатимолла Бердіғалиев,
Құттыкерей Дүйсеев, Абулхамит Райымбергенов, Ербол Айтабаев, Темірбек Хайдаров, Талғат Орынтаев, Жайлау Асылханов, Ұлжан Байбосынова, Секен Тұрысбеков, Еділ Қусайынов, Ерболат Мұстафаев, Жексембек Нұржауов, Айгүл Қосанова, Саян Ақмолда, Аманжол Самықов, Қайрат Кәкімов, Айгүл Үлкенбаева

Біздің халқымыздың музыка өнері және оның адам сезіміне әсері мен қуат күші жайында айтылған тұжырымды ойларымен тартымды пікірлерінің бастауында Әбу насыр әл-Фараби тұрады. Оның музыка жайында жазған трактаттарында саз өнерінің адамды тәрбиелеу мен түзетуге деген мүмкіндіктері айтылған. Әл-Фараби бабамыздың бұл мұрасы педагогикалық жағынан да, психологиялық жағынан да көптеген зерттеулерге негіз болатыны айқын.

Жасынан бейім болған өнерлердің бірі – музыка болғандықтан, әл-Фараби саз өнерінің қыры-сыры туралы көп ізденген. Музыканың адамды көзсіз еліктіретіндігі жөнінде де жанына жағымды әсер ететін тәрбиелік әлеуметі жайлы да көптеген пікірлері бар.

Мысалы: Аристотель, музыка – бос уақытты пайдалану ең ақылды дамыту үшін қажет қылады. Ол тек қосымша пайдалы пән ретінде ғана емес, адамды тәрбиелеу жүйесіне қосылған пәнге айналды. Музыка адамды ізгілікке жетелейді, ол адам жанының адамгершілік қасиетін қалыптастыруға әсерін тигізеді.

В.А. Сухомлинский: «Музыка арқылы тәрбиелеу – бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу» – деген.

«Терапия» – латын тілінен аударғанда емдеу деген ұғымды білдіреді, сонда музыкалық терапия дегеніміз музыкамен емдеу болып шығады. Қазіргі таңда музыкасыз өмірді елестету әсте мүмкін емес. Үйде, көлікте, сыртта, офисте, жұмыста, барлық жерде музыка бізбен бірге. Адамзат музыканың емдік қасиетін барын тым ертеде-ақ білген. Адам тәнін музыкалық аспап ретінде қарастырсақ жүректің соғуы ең үлкен ырғақ болады. Сонымен қатар адам қорыққанда, уайымдағанда немесе қуаныпшаттанғандағы жүректің соғуы нағыз ырғақтық музыкаға айналады. Жаны жоқ дейтін өсімдіктерде жақсы музыкамен тез өсіп, жақсы өнім беретіні белгілі. Музыка жан-жануарларға да әсер ете алатыны бүгінгі күні жаңалық емес. Адамның жан-жүйкесіне, сезімі мен көңіл-күйіне әсер ететін музыканы – қазақтар тәңірдің күбіріне теңеген. Ежелгі гректердің ұлы ойшылдары Демокрит: «Флейтаның сиқырлы сазымен кейбір ауруларды емдеуге болады» десе, Гиппократ музыканы барлық ауруды емдеуге қолданған. Платон, Аристотель және Пифагор музыканың емдік қасиеті барын мойындаса, Гомер жағымсыз эмоциялармен күресуге музыканың көп көмегі барын айтқан.