9 желтоқсан 2021 жылы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев қорының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында өткен «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VIІІ халықаралық ғылыми конференциясының «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакологияның өзекті аспектілері» секциялық отырысын «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» ҚБ Фармация мәселелері бойынша вице-президенті, кафедрамыздың профессоры, фарм.ғ. к. Шопабаева Алма Рахимбаевна ашып берді. Секциялық отырыстың алғы сөзінде барша конференция қатысушыларын «Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен» құттықтап, фармация мамандығының жетістіктері, қызметі, артықшылықтары, болашағы туралы айтты және де ізгі лебізін білдірді.