Көпұлтты тілдер мерекесінің негізінде әрбір тіл — бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет — әлемдік өркениетке баға жетпес үлес болып табылады деген идея жатыр.
2022 жылдың 22 қарашасында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын («Рухани қазына» кіші бағдарламасы) жүзеге асыру аясында Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы ҚР Тілдер күніне арналған «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға 2 курс студенттері қатысты. Концерттік бағдарламада ақындардың жігерлендіретін өлеңдері оқылып, әндер шырқалды. Студенттер әлем тілдері бойынша қызықты мәліметтермен бөлісті. Бағдарлама соңында кафедра оқу ісінің меңгерушісі Милисова Н.Б. және кафедра доценті Албаева Ж.Т. сөз сөйлеп, студенттерге алғысын білдірді. Қамтылуы-20 адам.