«Болашақ фармацевт – 2022» атты халықаралық пәндік олимпиадасы

Осы жылдың қараша айының 21-24 аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Ташкент фармацевтикалық институтының 85 жылдық мерейтойына арналған “Болашақ фармацевт – 2022” атты халықаралық пәндік олимпиадасы өтті.
«Фармация ісін ұйымдастыру» пәні бойынша Фармация мамандығының 4 курс студенттері Джанханова Аяжан Серікқызы және Омарова Айдана Талғатқызы университетіміздің абыройын қорғады.
Халықаралық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша «Фармация ісін ұйымдастыру» пәнінен Омарова Айдана Талғатқызы (жетекші: фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы лекторы – Рахымбаев Нұрғали Аманбайұлы) – 3 орын иегері атанды. Ал, Джанханова Аяжан Серікқызы (фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ассистенті – Егізбаева Шынар Амангелдиевна) белсенді қатысқаны үшін арнайы сертификатпен марапатталды.