Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 02.04.2019 күні 226 аудиторияда кафедра мұғалімі М.З.Ашировтың жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 3 курс ФА 16 – 002 – 02 К топ студенттерімен «Дәрілік түрлердің терапиясы» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыптары: «Дәрілік препараттардың қауіпсіздігін зерттеу әдістері».
Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттерді дәрілік заттардың қауіпсіздігі барлық адамдардың санасына “енгізілуі”, ал жағымсыз құбылыстарды репортациялау мінез-құлық мәдениетіне айналуы тиіс. Қазақстандық фармацевтикалық нарықты реттеуді жүйелі үйлестірудің болашағы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке тәуелді екендігімен, негізгі терминдер саласындағы ДЗ тиімділігі мен қауіпсіздігімен таныстыру
Студенттердің өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылай отырып, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы тақырыпқа байланысты вайн бейнетаспа, ситуациялық тапсырмалар, прези бағдарламасында презентация, бейнетаспа арқылы жаппай талқылау білімдерін тексеру, бағалау жүргізілді. Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді. Комиссия мүшелері сабақ жоғарғы мектеп талаптарына сай деген қорытынды жасады.