24-25 қыркүйек 2018 жылы Елордамыздың 20 – жылдығы Алматы қаласындағы Астана күндеріне орай М.Әуезов атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрына саяхат жасалынды
Ұйымдастырушы: Жастар саясатының басқармасы, Этикалық Кеңес
Модератор: химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.
Шекспир айтқандай, өмірдің өзі сахна, ондағы барлық адамдар актерлер. Жалпы қазақ театры өнеріне Шекспир қажет. Себебі, мұндай классикалық шығармалар актерлардың өсуіне, шыңдалуына көп септігін тигізеді. Бұл дегеніміз жас актерлерге үлкен мүмкіндік.
Отелло – әлемдік әдебиет галереясындағы күшті қаһарманның бірі. Дездемона Брабанционың қызы. Дездемона әкесіне білдіртпей өз сүйіктісіне тұсмысқа шығады. Әкесі басында қарсылық білдірткенімен өз қызының бақыты үшін, батасын береді. Бірде Кипрге Дездемона, Яго, Касио бәрі флотпен жол тартады. Отелло өз солдаты Ягоға қатты сеніп Дездемонаны сеніп тапсырады. Ал Яго болса Отеллоға жау болады. Сонымен, Яго Дездемонамен Касиоға өтірік жала жауып, Отеллоға әйеліңіз көзіңізге шөп салып жүр деп өтірік дәлелдерімен сендіреді. Отелло нағыз ер азамат рөлінде ойнайды, өкінішке орай нақақ жаланың қаруы мен құрбанына айналады. Яғни, Ягоның ойының бәрі жүзеге асады. Осылай трагедия аяқталады. Отелло қазіргі заманмен де үндесіп жатыр. Спектакльдегі негізгі ой адам ішіндегі қызғаныштың, көңіл күдігінің кесірінен ажырасып тынатын жас отбасылардың көп екендігін көрсетеді.
Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасы жастарға беретін тәрбиелік мағынасы зор. Драмада Жарасбай мен Бақтығұлдың достыққа және туған жерге деген сүйіспеншілігі жайлы айтылады. Олар бірге болса, ата- бабадан қалған жерді сақтап, оны кеңейте алады. Ал адал жолдан тайса опасыздыққа тап болады.
Қатысушылар: фармация мектебінің студенттері