2019 жылдың қараша айының 3-8 жұлдызы аралығында Тараз қаласында «Жастардың инновациялық потенциалы – 2019» жастар инновациялық жобаларының аймақтық конкурсы үйымдастырылды.
Бұл конкурстның мақсаты – жастар потенциалын сапалы дамыту, әлеуметтендіру және жастарға елдің инновациялық дамуына үлес қосуы үшін жағдай жасау.
Конкурсқа 18-ден 30 жасқа дейін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларының жас ғалымдары қатысты.
Осы конкурстан «инженерлік пәндер» кафедрасының оқытушысы Момбеков Сержан Есимбаевич «Разработка технологии получения помиферина из Маклюры оранжевой и создание лекарственной формы на его основе» атты жобасымен I дәрежелі дипломымен марапатталды.