Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының мұғалімі Муканова А.Б. кураторлық тобымен ФА16-002 Ауезов ауданы, Манат 45 А Яссауи көшесінің қиылысында тұратын жағдайы төмен көпбалалы отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.
Алматы қаласының тұрғыны – Эльмира ханым жалғыз басты 4 баланың анасы, үлкені 12 жасар ұл бала, 9 жасар, кіші балалары 6 және 3 жаста. Екінші баласы құлағы нашар еститін балаларға арналған интернатта оқиды. Жағдайы нашар отбасына көмек қолын ұсына отырып, студенттерімізді қайырымдылық жасауға баули түсеміз. Қазіргі уақытта жалпы адамзаттық құндылықтар ретінде қайырымдылықтың мәні, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды мейірімділік, өнегілік тұрғысынан қараудың маңыздылығы артып отыр. Қайырымдылық- жалпы адамзаттық құндылық, азаматтық қоғамның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.