Жылдың үздік студенті – Бахрон Гулзада Комилжонқызы!
Фармация мектебінің 5-курс, ФА 20-001к тобының студенті, Бахрон Гулзада Комилжонқызы, Тәуелсіздік мерекесі аясында «BILIM-ÒRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жылдың үздік студенті» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.
Қазылар алқасының шешімімен оның жұмыстары жоғары талаптарға сай деп танылып, «Жылдың үздік студенті» атағы берілді. Осы жетістігі үшін ол:
•I дәрежелі дипломмен марапатталды,
•Жылдың үздік студенті» халықаралық үздік жастардың түрлі-түсті кітап жинағына енгізілді,
•Жылдың үздік студенті» төсбелгісі мен куәлікке ие болды. Жетекшісі:
Рахымбаев Нұрғали Аманбайұлы – PhD, фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры.