Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қоғамда оң имиджінің қалыптасуына, медицина мамандары мәртебесінің артуына, денсаулық сақтау саласына тәуелсіз сараптама жасап, үздіктерін анықтап, оларды көтермелеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарда қоғамдық сектордың маңыздылығы зор. Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттерді орындау, қоғамда ақ халаттылардың мәртебесін көтеру, медицина саласында өз жұмысын адал, сапалы, кәсіби шеберлікпен және жауаптылықпен орындайтын білікті мамандарды ынталандыру үшін, өзге әріптестеріне үлгі ету мақсатында республикалық «Жыл үздігі – 2024» республикалық байқауы өткізілді.
Қазақстан Медицина Қызметкерлері Қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Жыл үздігі – 2024» Республикалық байқауына белсене қатысып, ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» номинациясымен Ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.к., профессор Саякова Галия Мырзагалиевна марапатталды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан алар асуыңыз биік болсын!