2019 жылдың 25-сәуір күні сағат 18.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында үлкен концерт залында «Классикалық музыканың жаухарлары» – атты концерті фармация мектебінің студенттерімен тамашаланды.
Ұйымдастырушы: Жастар саясатының басқармасы, тәрбие жұмысына жауапты Шекеева К.К.
Қатысушылар: Фармация мектебінің студенттері
Өтілген орын: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Орындаушылары: Халықаралық конкурстардың лауреаттары Арман Тлеубергенов (фортепиано) және Керимбаев Муса (виолончель)
Бізге ұнаған классикалық музыканың жаухарлары: И.С.Бах Соната № 2 Grave, Fuga; И.С.Бах Партита № 2 Sarabanda, Giga; П.Чайковский Скерцо; И.С.Бах Соната чембало и гамбы соль мажор, И.Брамс Соната ми минор виолончели фортепиано, соч.38; Дж. Фрескобальди Токката және т.б. танымал опералардың арии
Музыканың адамды көзсіз еліктіретіндігі жөнінде де жанына жағымды әсер ететін тәрбиелік әлеуметі жайлы да көптеген пікірлері бар. Мысалы: Аристотель, музыка – бос уақытты пайдалану ең ақылды дамыту үшін қажет қылады. Ол тек қосымша пайдалы пән ретінде ғана емес, адамды тәрбиелеу жүйесіне қосылған пәнге айналды. Музыка адамды ізгілікке жетелейді, ол адам жанының адамгершілік қасиетін қалыптастыруға әсерін тигізеді. В.А. Сухомлинский: «Музыка арқылы тәрбиелеу – бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу» – деген.
«Музыкалық терапия» – латын тілінен аударғанда терапия – емдеу деген ұғымды білдіреді, сонда музыкалық терапия дегеніміз музыкамен емдеу болып шығады. Қазіргі таңда музыкасыз өмірді елестету әсте мүмкін емес. Үйде, көлікте, сыртта, офисте, жұмыста, барлық жерде музыка бізбен бірге. Адамзат музыканың емдік қасиетін барын тым ертеде-ақ білген. Адам тәнін музыкалық аспап ретінде қарастырсақ жүректің соғуы ең үлкен ырғақ болады. Сонымен қатар адам қорыққанда, уайымдағанда немесе қуанып шаттанғандағы жүректің соғуы нағыз ырғақтық музыкаға айналады. Жаны жоқ дейтін өсімдіктерде жақсы музыкамен тез өсіп, жақсы өнім беретіні белгілі. Музыка жан-жануарларға да әсер ете алатыны бүгінгі күні жаңалық емес. Адамның жан-жүйкесіне, сезімі мен көңіл-күйіне әсер ететін музыканы – қазақтар тәңірдің күбіріне теңеген. Ежелгі гректердің ұлы ойшылдары Демокрит: «Флейтаның сиқырлы сазымен кейбір ауруларды емдеуге болады» десе, Гиппократ музыканы барлық ауруды емдеуге қолданған. Платон, Аристотель және Пифагор музыканың емдік қасиеті барын мойындаса, Гомер жағымсыз эмоциялармен күресуге музыканың көп көмегі барын айтқан.