Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының профессоры Шопабаева А.Р., доценттер Жакипбеков К.С. және Дюсембинова Г.А. 09.12.19-14.12.19 жж. «Клиникалық фармация және тиісті дәріханалық тәжірибе» тақырыбында квалификацияны жоғарылату оқу циклін өткізді. Оқу циклі 54 сағ құрады және алты тыңдаушы қатысты. Тыңдаушылар медицина, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау мамандықтарын игерушілер.
Тиісті дәріхана тәжірибесінің стандарты (GPP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді, тиісті дәріханаларға қойылатын талаптарды белгілейді, және сапаны басқару жүйесін ұйымдастыру. Стандарт халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оған дәрілік зат туралы шынайы ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге және дәрілік препараттардың жанама әсерлері туралы ақпарат беруге және өзін-өзі емдеу кезінде көмек көрсетуге бағытталған.
Цикл соңында тыңдаушыларға квалификацияны арттыру бойынша «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, ҚКО (ДПО) Институтының куәлігі табыс етілді.