Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасында 12 желтоқсан күні Шуленова Назым Қайратбекқызы ТФП 20-019 тобына «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» атты онлайн кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: студенттерді Қазақстан халықының мемлекеттік мерекесімен таныстыру, туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
– Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз.