Фармацевтикалық технология кафедрасының ассистенті Сарқытбекова Айым Қуатбекқызы 01 наурыз күні ФӨТ 22-035, 22-036 топтарда «Лудомания – құмар ойындардың зияны» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: Студенттерге құмар ойындары деген не, оған адам қалай тәуелді болады және ойын тәуелділігінің дамуының 3 негізгі кезеңдерін және құмар ойынның тигізетін әсерін талдап, студенттердің құмар ойындарына қарсы білімдерін жетілдіру.