Президент күні мен Тәуелсіздік күніне орай «МАХАББАТ – ҚУАТ, ҰЛЫ СЕЗІМ ХИМИЯСЫ» – атты поэзиялық кеш
Президент күні мен Тәуелсіздік күніне орай 26 қараша 2018 жылы сағ.1500 ‘‘Concordia’’ театрында «Махаббат –қуат, ұлы сезім химиясы» – атты поэзиялық кеш өтілді.
Ұйымдастырушылар: Жастар саясаты басқармасы, Этикалық Кеңес, Фармация мектебі, химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты Шекеева К.К., доцент Нургалиева А.Н.
Қатысушылар: Фармация мектебінің 2-курс студенттері мен Алматы қаласының мектеп түлектері, химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары.
Бағдарламада:
- «Анаға деген махаббат» Диас Мырзақожаның сөзіне жазылған «Күләш анам» әні;
- «Ұлы химия» әні
- Махаббатты домбыра үнімен жеткізу
- «Табиғатқа деген махаббат» Перделі Айдана «Күз»
- Абай әні «Желсіз түнде жарық ай»
Ыдырысова Ақерке
- «Қыз бен жігіт махаббаты» Пірәлі Ақылбек
- «Отанға деген махаббат» Әбділдә Ерзат
- «Кәсіпке деген махаббат» Кенже Қалмаханқызы
- «Өнерге деген махаббат»
- «Бишілер тобы»
- «Әйгілі ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу
- Алматы мектеп түлектеріне «Кәсіптік бағдар беру»
- Өнерлі эксперименттер және т.с.с
Адамзатты аялаған ақ арман
Барлық ғалам махаббаттан жаралған
Өмір өзен сан тарапқа ақсада
Жақсылықтан шуақ алып нәр алған