Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 14.11.2018 күні 224 аудиторияда кафедра мұғалімі Н.А.Рахыммбаевтың жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 5 курс ФА 14 – 001 – 02 К топ студенттерімен «Менеджмент және маркетинг негіздері» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыптары: «Қазақстан Республикасындағы дәріханалардың сауда қызметін реттеу». Сабақты TBL әдісі бойынша жүргізілді.
Студенттердің өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылай отырып, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы индивидуалды және топтық тестілеу, командалық аппеляция, ситуациялық тапсырмалар, презентация, жаппай талқылау білімдерін тексеру, бағалау жүргізілді. Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді.