Наурызнама онкүндігі 2026жыл. Құрметті әріптестер, ұстаздар және студенттер!

Сіздерді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен бірліктің, жақсылық пен молшылықтың бастауы.

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен бекітілген Наурызнама онкүндігі 2026жыл аясында, 22 Наурыз – Жыл басы күніне орай ұйымдастырылып отырған бұл игі шара – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткізілуде.

Айтулы мереке аясында Педиатрия Мектебі проф. Н.А. Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы:

Мырзабекова Г.Т., Рамазанова Ш.Х., Садыкова А.Ж., Тулебаева А.К., Кабикен А.С., Албакова А.А.

және Мед22-001к, Мед22-002к, П20-019 тобының болашақ дәрігерлері игі тілектерін жолдайды:

Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-несібе, денсаулық пен қуаныш тілейміз!

Ақ мол болсын,
Қуаныш көп болсын,
Береке-бірлік арта берсін!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Жылымыз жайлы, әр күніміз шуақты болсын!

Әз-Наурыз құтты болсын! 🌿✨