ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ОҚУ МЕРЗІМІМЕН
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ В085 – «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша қысқартылған оқу мерзімімен ақылы негізде оқуға қабылдау жүргізеді. Бұл бағдарлама фармацевтикалық колледжді (ТжКБ) аяқтаған немесе жоғары білімі бар үміткерлерге арналған.
Оқытушылар – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жоғары білікті мамандары мен шетелдік танымал профессорлар мен сарапшылар.
Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге «Фармацевт» біліктілігімен денсаулық сақтау бакалавры дәрежесі беріледі. Бакалавриатты бітіргеннен кейін магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік бар. Құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырып, әңгімелесуден өту қажет (емтихансыз).
🎓 Медицинаға жақын болғың келе ме? Адамдарға көмектескің келе ме?
💊 Болашақ мамандығың ретінде фармацияны таңда!
🔹 Фармацевт – бұл жай ғана дәрі-дәрмек маманы емес, ол – кез келген дәріхана, аурухана немесе зертхана үшін маңызды сарапшы.
🔹 Диплом алғаннан кейін дәріханаларда, фармацевтикалық компанияларда, сапаны бақылау мен зерттеу орталықтарында жұмыс істей аласың, тіпті жеке дәріхана аша аласың!
✅ Сұранысқа ие мамандық.
✅ Тұрақты жұмыс пен лайықты жалақы.
✅ Мансаптық өсу мен даму мүмкіндігі.
📚 Заманауи дәріханаларда практика.
👨🏫 Тәжірибелі оқытушылар.
💼 Түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек.
✨ Медицина әлеміндегі мансабыңды бүгін баста!
📍 «Фармация» мамандығына оқуға түс — қоғам денсаулығына және өз болашағыңа үлес қос!
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласыңыз:
Мекенжай: Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі 151 (Масанчи көшесінің қиылысы), №2 оқу корпусы
Тел.: 8 (727) 338-70-27, ішкі: 70-71; 73-50
Сайт: www.kaznmu.edu.kz
E-mail: [email protected]
Фармация мектебінің деканаты: тел.: 8 (727) 338-70-27, ішкі: 77-71; 77-72; 70-43
Декан: Сакипова З.Б.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 8 шілде – 8 тамыз аралығы.