С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің 4 курс 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды аттестациясының (ҚА) (дипломдық жұмыс (жоба) қорғау) өткізілу тәртібі
Бітіруші студенттерді қорытынды аттестациялау (ҚА) дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау түрінде оқу жұмыс жоспарларында және академиялық күнтізбеде көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Қорытынды аттестациялау 2023-2024 оқу жылына арналған С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың академиялық саясатының 6.4 пунктіне сәйкес өткізіледі.
МЖМБС («Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 31.10.2018 жылғы №604 бұйрығына) сәйкес дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау 12 кредитті құрайды.
Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау оның кемінде 2/3 мүшесінің қатысуымен қорытынды аттестациялау комиссиясының (ҚАК) ашық отырысында жүргізіледі. Диссертацияны қорғауға талқыланатын мәселеге жұмыс бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның мамандары, рецензенттер және басқа да мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Бітіруші түлектер С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың академиялық саясатының 13.2 пунктіне сәйкес рецензия, дипломдық жұмыс (жоба) жетекшісінің пікірі, плагиатқа қарсы анықтама, дипломдық жұмыс (жоба) қатты мұқабасы (2 дана) және олардың электронды нұсқасы қорғаудан 5 күн бұрын 3 кіші комиссия хатшыларына өткізуге міндетті. ҚА күнтізбелік кесте 2 қосымшада көрсетілген.
Фармация мектебінің 2023-2024 оқу жылына арналған академиялық күнтізбесіне сәйкес дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау ағымдағы оқу жылының 27-ші мамырдан 21 маусымына дейін 3 кіші комиссиядан тұратын қорытынды аттестациялау комиссиясының отырысында өткізіледі (1-қосымша). 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша түлектер саны – 446. ҚАК отырысының ұзақтығы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестациялауды жүргізу туралы ереже бойынша күніне 6 академиялық сағаттан аспауға тиіс. ҚА отырысы таңғы 9.00-ден 14.00 дейін созылады. Әрбір студентке дипломдық жалпы жұмысты (жобаны) қорғауға 25 минут, соның ішінде презентацияға 7 минут уақыт беріледі. Үзіліс уақыты – 11.00-11.15 аралығында. Күніне ҚАК мүшелері 8 студент тыңдап, бағасын береді. Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін ҚА қорытындылап, студенттердің бағалары жарияланады.
Қосымша, 1
Қорытынды аттестациялау комиссиясының құрамы
Кіші комиссия № 1
ҚАК Төрайымы: Сагитова Зарина Тахировна PhD, «ЭКОФАРМТЕХНОЛОГИЯ» ЖШС
ҚА хатшысы
Әмірсейіт Алтынай Сакенқызы – «Фармацевтикалық технология» кафедрасының ассистенті
Төрайымның орынбасары
Устенова Гульбарам Омаргазиевна – фарм.ғ.д., профессор, «Фармацевтикалық технология» кафедрасының меңгерушісі
Комиссия мүшелері:
1. Ибадуллаева Ғалия Сәруарқызы – PhD, «Фармацевтикалық технология» кафедрасының асс. профессоры
2. Саякова Галия Мырзагалиевна – «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника» кафедрасының профессоры
3. Бекежанова Толкын Слямовна – PhD, «Инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер» кафедрасының доценті
4. Жапаркулова Карлыгаш Алтынбековна – PhD, «Биотехнология және жалпы химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі
5. Омырзаков Манас Токтасынович – PhD, «GxP Company» ЖШС сапа бойынша директоры
Кіші комиссия № 2
ҚА хатшысы
Джалгасбаева Айгерим Бахытжанқызы – «Инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер» кафедрасының ассистенті
Төрайымның орынбасары
Кожанова Калданай Каржауовна – фарм.ғ.к.,асс.профессор, «Инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер» кафедрасының меңгерушісі
Комиссия мүшелері:
1. Раганина Карлыгаш Тлеубергеновна – фарм.ғ.к., «Фармацевтикалық технология» кафедрасының доценті
2. Ахелова Айман Лесбековна – х.ғ.к., «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника» кафедра меңгерушісінің м.а.
3. Тлеубаева Меруерт Ильясовна – PhD, «Фармация мен клиникалық фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы» кафедрасының доценті
4. Ибрагимова Лилия Николаевна – фарм.ғ.к., «Инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер» кафедрасының асс.профессоры
5. Ураз Фариза Бақбергенқызы – техника және технология магистрі, «Келун-Казфарм» ЖШС валидация бойынша инженері
Кіші комиссия № 3
ҚА хатшысы
Айдарбекова Балнұр Бауыржанқызы – «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника» кафедрасының ассистенті
Төрайымның орынбасары
Кадырбаева Гульнара Мухамедовна – PhD, «Инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер» кафедрасының доценті
Комиссия мүшелері:
1. Аюпова Роза Багдаулетовна – PhD, «Фармацевтикалық технология» кафедрасының доценті
2. Кизатова Майгуль Жалеловна – т.ғ.д., «Фармацевтикалық технология» кафедрасының профессоры
3. Албаева Жанар Турсынгалиевна – х.ғ.к., «Биотехнология және жалпы химиялық технология» кафедрасының доценті
4. Серикбаева Эльмира Асилбековна – PhD, «Фармация мен клиникалық фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы» кафедрасының доценті
5. Саметова Эльмира Сайлаухановна – б.ғ.к., доцент, Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми хатшысы
Қосымша, 2
Фармация мектебінің 4 курс «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы студенттерінің ҚА күнтізбелік кестесі: