2019 жылдың 28 ақпан күні С. Мұқанов мұражай-үйіне 2 курс ФА 17-003-1,2к топ студенттері мен тәлімгерлері Аширов М.З. және Рахымбаев Н.А. бірге экскурсия жасады.
Мұражай қызметкерлері С. Мұқановтың бүкіл құндылықтарымен таныстырды.
Сәбит Мұқанов 1900 жылы 26 сәуірде бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезінің Таузар болысында дүниеге келген.
Қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың көрнекті жазушысы, ақын,
қоғам қайраткері, академик Сәбит Мұқанов — халықтың сүйіктісі, жалпыхалықтық сый мен құрметке ие болған тұлға.
1976 жылы Қазақстан үкіметі С. Мұқановтың есімін мәңгі есте сақтау мақсатында 1965-1973 жылдар аралығында жазушы өмір сүрген үйде (Алматы қаласы, М. Төлебаев көшесі, 125-үй, екінші қабат, 6 бөлмелі пәтер) мұражай ашу туралы шешім қабылдады.
Мұражай-пәтер әдеби және мемориалдық болып, екі тақырыптық бөлімге бөлінген. Мұражайдың әдеби бөлімі экспозициясында жазушының өмірі мен шығармашылық лабораториясы туралы әңгімелейтін көптеген жеке құжаттар, фотосуреттер, қолжазбалар орналасқан.