Театр мәдениет ошағы

Кафедра оқытушысы Егізбаева Шынар Амангелдіқызы 5 мамыр күні ФӨТ20-014к тәлімгерлік тобымен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Сиқырлы терезе» атты қойылымын тамашалап қайтты.

Студенттердің ой-қиялын ұлттық рухта, өрлікке, батырлыққа, адалдыққа, тазалыққа жетелейтін шым-шытырық оқиға «Сиқырлы терезенің» сырында жатыр.

Сиқырлы терезе көрермендердің үлкен өмірге үмітін оятып, бірте-бірте арманына айналады. Ертегі елінен келетін елес емес, тарих сахнасынан келіп, бүгінгі өмірдің сан түрлі машақатын жеңіп, батырсымақтарымен белдесіп жеңіске жететін кейіпкер көрермендердің қуанышын оятпай қоймайды.