«Фармацевтикалық технология» кафедрасының лекторы Молдир Алибековна Жандабаеваның «1 наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді
Кураторлық сағаттың мақсаты: Студенттерге алғыс, ризашылық, жақсы тілек туралы түсінік беру, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың және студенттердің арасындағы достықты бағалау, рухани бай, адамгершілігі мол ұрпақты тәрбиелеу.
«1 наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында кураторлық сағат 2023 жылдың 1 наурызында №2 оқу корпусының №105 аудиториясында ТФП 20 -013к, ТФП 20 -014к топтарына жүргізілді.
Кураторлық сағат барысында Алғыс айту туралы түсініктер және алғыс айту мерекесінің тарихы, нақыл сөздер, достық ұғымдары туралы ақпараттар айтылды.
Алғыс айту, ризашылық білдіру, жақсы тілек тілеу дегенді қалай түсінесіздер? Сұрақтары бойынша ой қозғау әдісі бойынша студенттер өздерінің пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, рефлекция әдісі бойынша сөз тіркестерін жалғастыру және «Алғыс білдіремін» тақырыбында ашық хат арқылы студенттер бір-біріне, ата-ана, туыстары мен оқытушыларға тіліктерін білдіріп, алғыстарын айтты.