Фармация мектебі, фармацевтикалық технология кафедрасында 2024 жылдың 22 ақпан жұлдызында 2 корпус 153 оқу лабораториясында, сағат 13.30-17.20, 4 курс, ФӨТ 20-001қ, «Тұндырмалар дәрілік түрлер ретінде. Тұндырмалар өндірісінің технологиялық сатылары және жалпы ерекшеліктері» тақырыбында «Экстракциялық препараттар технологиясы» пәнінен фармацевтикалық технология кафедрасының PhD, доценті А.Ш. Амирханованың ашық сабағы өтті. Ашық сабақта интерактивті технологиялардың бірі, TBL – team based learning – кіші топтарда жұмыс жасауды «Экстракциялық препараттар технологиясы» пәнінде қолданды.
Аз топпен жұмыс жасау заманның талабына сәйкес әсіресе жоғары оқу орындарында мәліметті студенттерге, талқылау арқылы оңай жеткізу қабілеті қолданылып, енгізіліп жүрген технологиялардың бірі.
Аз топпен жұмыс әдісінде студенттер бір-бірімен топтасады, осылайша жаңа қызметті игеру барысында кері байланыс пен баға алуға кепілдік береді және топтағылардың тең құқықтары бар.
Сабақ барысында студенттер оқытушының тапсырмасы бойынша үш топқа: бірінші топ – “Caléndula officinális”, екінші топ -“Plantago major L.”, үшінші топ – “Matricaria recutita” бөлінді.
Сабақ барысында 1 этап Ребус шешіледі, анықталған сөзді 3 тілде айтады. Сонымен қатар зейінді ашу мақсатында «Сәйкестендіру» және тақырып бойынша білімін тексеру және жылдам ойлану мақсатында «Поле чудес» ойыны аталынған топтарға ойнатылды. Студенттердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда және шыңдауда шығармашылық шешім ойыны ойнатылды.
Шығармашылық шешім студенттердің материалды өз бетінше түсінуіне тереңірек ойлануына, ми жұмысының кең мүмкіндіктерінің қолданылуына және олардың терең ойлану арқылы жаңа креативті шешімдерді жасау қабілетін дамытуды қамтиды. Интерактивті анимация тәсілін қолдана отырып студенттер оңай әрі қызықты етіп жеткізу қабілетіне ие болады.
Шығармашылық шешім әдісін қолданғанның артықшылығы әр білім алушы жобада өз ролін анықтап, ортақ тапсырмаға өз үлесін қосады. Топтық жұмыс орындаудың тағы бір ерекшелігі, білім алушылардың танымдық ынтасы артып, өз бетінше жұмыс орындап, туындаған сұрақтарға өз бетінше жауап іздеуге итермелейді, әр қатысушының команданың басқа мүшелері алдында жауапкершігі артып, жаңа идеяларды ұсынуға көмектеседі. Ақпаратты пайдаланушылардың мүддесі үшін жинау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсету және падалану мақсатында интеграцияланған әдістердің, өндірістік процестердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы ретінде жобалау технологиясы сабақ барысында қолданылды. Осындай ойын түрлерін оқыту әдісімен (TBL) өткізу кезінде оқытушының атқаратын жұмысының рөлі мен басымдықтары өзгереді: ол дайын «білім көзі» болудан қалып, студенттердің танымдық қызметін ынталандырады, олардың белсенділігін түпкі мақсатқа бағыттап, топтардағы студенттердің арасында өзара сенімді қарымқатынастар орнатады. Студенттердің бір-бірімен пікір алмасу мүмкіндігі, өздерінің болашақ қызметінде кездесетін жағдайлармен танысып, оларды шешу, практикалық мәселелерді зертханалық жағдайларда үйлестіру және т.т. Сабақта қолданылатын командалық бағытталған оқыту әдістемесі студенттерге өздерінің кәсіби саласында өз бетінше шешім қабылдау, алдына қойылған ситуациялық есептерді жеке және топта шығаруға дағдыландырып, теориялық білімдерін іс жүзінде қалай қолдана білу керектігін көрсетеді.
Сабақ соңында Feedback (студенттердің сабақ бойынша кері байланысы) Pudlet жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылды.