Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 08.01.2019 күні сағат 12:00 де оқу дәріханасында кафедра мұғалімі У.К.Кутпаеваның жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 2 курс ФА 16 – 003 – 01 Р топ студенттерімен «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыбы: «Тұрғындарға фармацевтикалық көмек көрсету ұйымының негізгі қағидалары. Қазақстан Республикасындағы фармацевтика саласы». Сабақтың мақсаты: Тұрғындарға фармацевтикалық көмек көрсету ұйымының негізгі қағидаларын түсіну.
Студент төмендегідей мәліметтерді орындай білуге міндетті:
- фармацевтикалық көмек концепциясын;
- фармацевтикалық көмек жүйесінің айырмашылық белгілерін;
- Халықаралық фармацевтикалық федерацияның декларациясына сәйкес «Фармацевтикалық көмектің» анықтамасын;
- проф. П.В Лопатин ұсынған «Фармацевтикалық көмек» түсінігінің анықтамасын;
- фармацевтикалық көмектің негізгі жүйешелерін.
- фармацевтикалық көмек концепциясын қалыптастыру көздерін дифференциялау;
- фармацевтикалық көмекті көрсету кепілінің заңдылық-құқықтық негіздерін құрайтын формальды институттар;
- ҚР азаматтарының денсаулығын қорғаудың негізгі принциптері.