Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 30.09.2019 күні 228 аудиторияда кафедра оқытушысы Н.О. Макашеваның жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 5 курс ФА 15 – 001 – 02 К топ студенттерімен «Фармациядағы менеджмент және маркетинг негіздері» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыбы: «Басқару шешімдері». Сабақтың мақсаты: студенттерді дәріхана ұйымдарында ұтымды басқару шешімдерін жасау әдістеріне үйрету. Сабақты TBL әдісі бойынша жүргізілді.
Студенттердің өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылай отырып, тақырыпқа байланысты үш тілде тапсырмалар беру арқылы тақырыпқа байланысты вайн бейнетаспа, ситуациялық тапсырмалар, прези бағдарламасында презентация, бейнетаспа арқылы жаппай талқылау білімдерін тексеру, бағалау жүргізілді. Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Студенттердің білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді. Комиссия мүшелері сабақ жоғарғы талаптарға сай деген қорытынды жасады.