Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ассистенті Алиманова Айгерім Давлетбекқызы қараша айының 16-сы күні Фармация мамандығы бойынша 3 курс ФА20-001к тобына «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы: «Әртүрлі топтағы фармацевтикалық тауарларды сақтау. Тауар қозғалысының барлық этапында медициналық мақсаттағы тауарларды сақтау және тасымалдау». Сабаққа 9 студент қатысты.
Медициналық және фармацевтикалық тауартану – тауарлардың сақталуы дайын өнімнің шығарылуынан бастап тұтынуға дейінгі тауарлар қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Тауарлардың сақталуы-қоймалық сақтау бөлмелерде тауарларды орналастыру және олардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында күту үрдістерін қамтиды. Тауарларды сақтаудың мақсаты – тауарлардың бастапқы қасиеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсаты: Студенттерге әр түрлі топтарға кіретін дәрілік заттарды дұрыс сақтауды ұйымдастыруды үйрету. Дәрілік заттардың фармакологиялық топтары, токсикологиялық қасиеті бойынша және әр түрлі сыртқы факторлардың қатысуы, қолданылу тәсілі бойынша топтастыруды үйрету.
Сабақ барысында бастапқы білімдерін тексере отырып, студенттерді шағын топтарға бөліп, интерактивті әдістерді қолдана отырып берілген тақырыпта әр түрлі тапсырмалар орындалды. Атап айтқанда, көрнекті материалдарды (видео ) қарастыру және талқылау; нақты мәселені шешу бойынша дебаттар және ситуациялық есептер; берілген материалды бекіту бойынша кроссворд, ребус шешу, гиперссылка бойынша сұрақ-жауап, Kahoot ойыны болды.