ФАРМАЦИЯ АРУЫ

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Фармация мектебі,

Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы

Наурыз – көктем меркелеріне орай , Ұлттық салт дәстүрімізді дәріптеу аясында, қазақ қыздарының біліктілігі мен шеберлігін насихаттау мақсатында

«Фармация аруы» байқауын ұйымдастырды.

Байқау 09 наурыз күні «Concordia» театрында өтті.

Ару қыздардың сайысында алты бойжеткен бақтарын сынады.

 

С.Ж. Асфендияров Қазақ ұлттық медициналық университетінің «Concordia» театрында Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының ұйымдастыруымен Наурыз – көктем меркелеріне орай , Ұлттық салт дәстүрімізді дәріптеу аясында, қазақ қыздарының біліктілігі мен шеберлігін насихаттау мақсатында, Фармация мектебінің студенттерінің арасында «Фармация аруы -2023» байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлікке және парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған сұлулық қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Байқауға дайындық барысында бойжеткендер түрлі мәдени бағдарламаларға қатысып, әр түрлі дайындық жобаларына барып өз шеберліктерін арттырған. Сондай-ақ қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі , мақал-мәтелдері мен Фармация саласы бағытындағы тың деректермен танысып, білімдері мен біліктілігін арттыруға арналған арнайы шараларға атсалысты.

Байқау өзін-өзі таныстыру, үй тапсырмасы(бармағынан бал тамған, қыз еркем-кестесімен көркем), танымдық деңгейін арттыруға арналған сұрақ-жауап, әр түрлі жан жақты өнерлерін көрсеткен-өнерлі өрге жүзер кезеңі және ұлттық киімді киіп, сахнада жүру, сахналық көрініс сияқты кезеңдер бойынша ұйымдастырылды.

Байқауда қыздар өздерін ата салтымызға сай сәлемдесумен бастап, өздерін таныстырып, өресінің биіктігін танытуға ұмтылды. Ару қыздарымыздың көктемнің табиғатты оятқанындай көрермендерімізді, бәрімізді көркемдік пен шеберліктің әлеміне ендіріп, қыстан кейінгі ашылған гүлдей шуақтарын шашты деп ойлаймын. Әркімнің қабілеті әртүрлі. Десе де аруларымыз жоғары деңгейде дайындалып, шама-шарқынша өз өнерлерін паш етті. Жарыста ой ұшқырлығы сыналып, білім деңгейлері де тексерілді. Қыздарға қойылған сауалдарға жан-жақты, дәлірек айтқанда сауатты жауап беру талап етілді. Өз қолдарымен әр түрлі ұлттық тамақтар мен кестелерін тігіп қолөнерлік шеберліктерінде көрсете білді,дейді іс-шара ұйымдастырушысы, инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының меңгерушісі Кожанова К.К.

Байқауға ару қыздарымыздың қатысып, қазақ халқында қыз тәрбиесіне аса жоғары көңіл бөлінгендігін айқындап, ұлттық киімдерін киіп сахнада қыздарымыздың ибалы, инаббаты мінездерін үлгі етіп көрсете отырып, осындай тәрбиелік құнды дүниелердің жасалып жатқандығы көз тойдырады, – дейді тәрбие бөлімінің басшысы Байгараев Ж.А.

Назарларыңызға байқау нәтижесінде анықталған жеңімпаздар тізімін ұсынамыз:

І орын – Бас жүлде «Фармация аруы – 2023»:

Мукажан Аружан Ахметжанқызы, «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2 курс студенті, Фармация мектебі;

ІІ орын«Шебер ару» :

Кәрім Аяжан Сейткасымқызы, «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2 курс студенті, Фармация мектебі;

 

ІІ орын«Инабатты ару» :

Багланова Аида Багланқызы, «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2 курс студенті, Фармация мектебі;

 

ІІI орын«Кербез ару» :

Изтай Даяна Тимурқызы , «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2 курс студенті, Фармация мектебі;

 

ІІI орын«Өнерлі ару»:

Көшен Меруерт Сейілханқызы «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2 курс студенті, Фармация мектебі;

 

ІІI орын«Сымбатты ару» :

Базан Гүлжан Ерланқызы, «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 1 курс студенті, Фармация мектебі;

номинацияларымен диплом және арнаулы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Кеш соңында Фармация мектебінің деканы З.Б. Сакипова аруларымызға өз қолымен сыйлықтарын табыстап, осындай игі бастамаларға ат салысып, қатысып жүрген студенттермен ұстаздарға рахметін айтып, ұлттық салт дәстүрімізді аялау, рухани жаңғыру аясында ұйымдастырып отыратын осындай сайыстар дәстүрлі орын алып, жылдан жылға қайталанып отырса қолдайтындығын айтты.