С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2024 жылдың 5 шілдесінде В085-«Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша Фармация мектебінің бакалавриат түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібі белсенді дамып келеді және ол үшін фармация саласын инновациялық деңгейге жеткізетін білікті мамандар қажет. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде бәсекеге қабілетті дәрі-дәрмектерді жасап шығару үшін жоғары білімді дәл осындай мамандар даярлануда. Бүгінгі таңда фармацевтика факультеті (Фармация мектебі) республикадағы маңызды, ғасырға жуық тарихы мен дәстүрі бар фармацевтикалық кадрлардың алғашқы ұстаханасы болып табылады.Бүгін біз В085 – «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша оны сәтті аяқтап, тәуелсіз емтихан тапсырған 50 жас маманды білім ұясынан ұшырудамыз.Диплом тапсыру рәсіміне құрметті қонақтар -Денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық интеграциялық комитеттің төрағасы, Ұлттық медицина қауымдастығының құрметті президенті Садықова А.Б., Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық қызметті дамыту және қолдау қауымдастығының президенті атынан Дурманова М.И., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проректорлары Қалматаева Ж.А., Датхаев У.М. және Фармация мектебінің бөлім меңгерушілері, түлектердің туыстары мен ата-аналары қатысты.Түлектердің ішінде Омарова Айдана Талғатқызы мен Алдаберген Баян Нұрланқызы оқуын үздік аяқтаған үздік студент атанып, қызыл дипломдар мен алғашқы медициналық халаттар табыс етілді. Және де спортта, мәдени іс-шараларда, университеттің қоғамдық өмірінде ерекше көзге түскен түлектерге марапаттар мен сертификаттар табыс етілді.Сәттілік достар! Кәсіби мансабыңызда шығармашылық және еңбек табыстарын тілейміз, алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер!