«Фармация» мектебінің 4 курс студенті Жұманова Қарлығаш университеттің мтуденттік үкіметінің төрайымы атанды

26.09.2018 ж. С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Университеттің Студенттік Үкіметінің жаңа төрағасының сайлауы өтті. Сайлауға қатысқан үміткерлердің 3-уі «Жалпы медицина» мектебінің студенттері, ал 1-уі «Фармация» мектебінің студенті еді. Қуанышымызға орай, «Фармация» мектебінің 4 курс студенті Жұманова Қарлығаш 245 дауыстың 73-ін жинап жеңіске жетіп, Университеттің Студенттік Үкіметінің төрайымы атанды. Қарлығаш өте белсенді студент, ол факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, өзін жақсы жағынан көрсете білді. 1 жыл уақыт көлемінде «Еріктілер Лигасы»ұйымында координаторлық қызмет атқарды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаның алғыс хатымен марапатталған болатын, «ФитОлеум» компаниясының шәкіртақысына ие болған, қысқы Универсиада-2017 ойындарында Бас Координаторлық қызмет атқарған. Алматы қаласының белсенді студенттерімен бірігіп көптеген жобалардың ұйымдастырушысы болған. Қарлығаш алдағы уақытта Университет және студенттер үшін аянбай еңбек ететініне мол сенім артамыз.

Фармация мектебі еңбегіне жеміс, үмітімізді ақтайды деген үмітпен шын Қарлығашты жүректен құттайды.

Фармация мектебінің ұжымы.

Фармация мектебінің деканы Сакипова З.Б.