«Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-26 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес студент жастар арасында қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 20.04.2023 жылы күні Университетіміздің 7 корпус 4-аудиториясында белгілі экономист, Progente экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі, Халықаралық Бизнес Университетінің аға оқытушысы Халық Мақсат мырзамен кездесу өтті. Кездесуге Фармация мектебінің оқытушылары және студенттері қатысты.
Кездесу барысында Халық Мақсат мырза жалпы экономика туралы, ақшаны дұрыс жұмсау, дұрыс сақтау, үй нарығындағы кредит мәселелері және қалай тиімді жолдармен алуға болатындығы, құнды қағаздар, криптовалюта, қаржы пирамидалары және олардың сипаттары, оларға алданбау жолдары туралы керемет мәліметтер берді. Студенттер өздерінде туындаған сұрақтар бойынша нақты жауаптарын алды.
Халық Мақсатпен кездесу өте қызықты өтті.