Сіздерді 2025 жылғы 3 маусым күні сағат 12:00-де С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің 2-оқу ғимараты, 126-аудиториясында өтетін “Индонезия кабинетін” ашу салтанатына құрметпен шақырамыз.
Аталған кабинет екі ел арасындағы достықты нығайтуға, мәдени байланыстарды арттыруға және студенттердің халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған маңызды бастама болмақ.
Іс-шараға шетелдік қонақтар қатысады.
Келіп, тарихи сәттің куәсі болыңыз!