Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің медицина қызметкерлері үшін жылдың басты оқиғасы – «ALTYN SHIPAGER», «DENI SAU ULT» Ұлттық медициналық сыйлығын тапсыру өтті.
Салтанатты рәсімнің басында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне үлкен алғысын білдіріп, олардың табыстарын, қоғам игілігі үшін қажымас еңбегін, Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерін атап өтті.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне қажымас ерен еңбектеріне алғыс айтып, номинациаялармен марапаттады.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебі, Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының меңгерушісі фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент Қожанова Қалданай Қаржауқызы «Үздік медициналық жоғары оқу орнының оқытушысы» номинациясын жеңіп алды.
Қалданай Қаржауқызын ғылымға қосқан үлесі үшін құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!