Т. Қ. Жүргеновтың 120 жылдығына Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясындағы «Дәстүрлі өнер» кафедрасының 10 жылдық мерей тойына арналған «Ән – күй керуені» – атты концерт
1 қараша 2018 жылы Т. Қ. Жүргеновтың 120 жылдығына Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясындағы «Дәстүрлі өнер» кафедрасының 10 жылдық мерей тойына арналған «Ән – күй керуені» – атты концерті Қазақ концерті залында өтілді.
Ұйымдастырушы: Жастар саясатының басқармасы мен химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.
Қатысушылар: фармация мектебінің 2 – курс студенттері
Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясындағы «Дәстүрлі өнер» кафедрасының 10 жылдық мерей тойына арналған «Ән – күй керуені» – атты концерттік бағдарламасын Қазақ концерті залында тамашалау барысында, келесі шығармашылықтар тыңдалды, олар: Ботагөз Нұрғалиева мен Тоғжан Дүйсенбекқызының орындауында Ә.Казакбаевтың «Тілеп сарыны», Сырым Нұрболдиннің орындауында: Әшімтайдың күйі «Қоңыр саз», Талғат Мұқышевтің орындауында (Сыбызғы), Ешмұраттың күйі «Жаутөбе», Талғат Мұқышев пен шәкірттерінің орындауында Халық күйі «Кербез қыз», Шолпан Даржанованың орындауында Кенен Әзірбаевтың әні «Гигигай», Дирижер: Қайырғазы Төлен оркестрдің сүймелдеуімен Халық әні «Ақшоқы», Мақсат Медеубектің (қобыз) орындауында (Дирижер: Жанас Бектұров) Кенжебек Күмісбековтың «Поэма» шығармасы, Ерлан Стамғазиевтің орындауында Балуан Шолақтың әні «Ғалия» және халық әні «Жиырма бес», оркестрдің орындауында (Дирижер: Қайырғазы Төлен) патша «Отелло», Нұржан Жанпейісовтың орындауында халық әні «Угәйдай», Әсем Маймамбаевтың орындауында «Адам жасы» туралы терме, Жадыра Мүсірепованың орындауында (шертер). Сонымен қатар, Қайрақпайдың күйі «Балғынсуса», Ерболат Үсеновтың күйі “кербез сұлу”, оркестрдің орындауында (дир. Жанат Бекетуров) Тәттімбеттің күйі “Былқылдақ”, Нұрғиса Дəмешовтың орындауында Кұрманғазының күйі “Машина”, Рамазан Стамгазиевтің орындауында “Қазақстан”, Жаяу мұсаның əні “Ақ шашақ ” және Естайдың əні “Юранай”, Тілеубай Əнəфия, Диас Мұратхан, Жігер Омархан, Бальнура Сафур (студенттердің) орындауында ән шашу, студенттер орындауында күй шашу
Өнер – халық тарихының шежіресі. Музыка- адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның сан түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Таусылмас азық, жұтамас байлық – демекші қазақ даласында өнерлі жандар өте қөп. Солардың бірі – дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының ұстаздарымен шәкірттерінің өнер туындылары өте үлкен дәрежеде өтті. Атақты профессорлар мен Қазақстан Республикасының лауреаттары өз өнерлерін Қазақ концерт залында паш етті. Осындай, керемет ұстаздары бар елде, талантты шәкірттері солардың жолын қуып келеді. Концертте Қазақ халқының көне аспаптары жетіген, сыбызғы, қобыз, шертер т,б аспаптарында керемет күйлер мен әсем әуендер шырқалды. Ән күй керуені атты бағдарлама аясында жоғарыдағы өнер туындыларын шынайы таза жүрекпен қабылдап, өте керемет көңіл күй көтеріліп, тамаша әсерде болып қайттық.