Кураторлық сағат барысында студенттердің ағымдағы оқу үлгерімі және қысқы емтиханға дайындықтары туралы сұрақтар қаралды. ФӨТ 24-005, ФӨТ 24-006к топтарының студенттері үш пәннен емтихан тапсырады. Олар: бейорганикалық химия, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, физика (емтихан формасы MCQ тестілеу). Емтихан 2024 жылдың 24, 27, 30 желтоқсан күндері өтеді. Бейорганикалық химия мен физикадан оффлайн форматта, ал ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша онлайн форматта өтеді. Басқа пәндер бойынша қорытынды бақылау формасы дифференциалды сынақ. Студенттердің бейорганикалық химия, математика, физика пәндері бойынша бағалары орташа деңгейде.