12.02.2025ж. Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен “Экохабтың жұмысымен танысу” іс шарасы…

12.02.2025ж. Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен “Экохабтың жұмысымен танысу” іс шарасына ТФП23-017, ТФП23-018 топ студенттерімен, топ тәлімгерлері Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жусипбекова Ш.Е., ассистент профессорлары Сержанова Қ.Ш. мен Баракова А.Ш. қатысты.

Алғашқы Эко-хабты 2024 жылдың көктемінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Eco Network компаниясы салынды. Жобаның негізгі мақсаты-қала тұрғындарына таза және кең жерде өз қалдықтарын қайта өңдеуге ыңғайлы түрде тапсыруға мүмкіндік беру, сонымен қатар шеберлік сыныптары аясында өз қолдарымен қайта өңделген пластиктен немесе шыныдан бұйымдар жасау.