15 сәуір 2019 жылы Ғашықтар «Қозы Көрпеш Баян сұлу» күніне орай «Ғашықтар хикаясы» қойылымын фармация мектебінің студенттерімен тамашаланды.
Павлодар қаласы Ж.Аймаутов атындағы қазақ музыка-драма театрының Алматы қаласының Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында гастрольдік іс-сапармен келген Қанат Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» қойылымы фармация мектебінің студенттерімен тамашаланды.
Ұйымдастырушылар: Жастар саясатының басқармасы мен тәрбие жұмысына жауапты Шекеева К.К.
Қатысушылар: Фармация мектебінің студенттері
Қоюшы режиссер: Әділет Ақанов
Өтілген орын: Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Екі студент дос Ермек пен Рүстем сүйген қыздарына сезімдерін айтып білдіре алмай қиналады. Көп ойланып-толғанып балгер Ақмақтаның көмегіне жүгінеді. Бірақ соңғы сәтте балгер келе алмай қалып, достар Дастан әріптестеріне әйел киімін кигізіп, ойларын іске асырмақ болады. Оқиға қызған сәтте күтпеген жерден балгер өзі келе қалады. Қойылым ойнақы, күлкілі сәттері көп, ән шырқалады, би биленеді.
Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан. Енді елімізде махаббатты қастерлеудің жаңа дәуірі келе жатыр. Кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтіп, осы күні барлық жақындарымызға, ғашықтарымызға сезімімізді білдіріп, құрмет көрсету әр қазақтың борышы болса керек. Қос ғашықтың мазары Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды. “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жырында Көрпештің Баянға арнап айтқан мына сөздерін оқыған кім-кімнің де жүрегі тебіренері хақ: Дүниеде ғашық қатты екен, Көңілді бұған бұрғызды. Бере ме тәңірім, бермей ме Ынтық болған бір қызды? Қосылғанша мен оған Ішіме қайғы толғызды… Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ел ағасы. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келе жатса да, күшіне енді ғана еніп, жастарды қызықтырып, бір ойдың, бір идеяның астында жинап отыр. Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті. Олай болса, баршаңызды 15 сәуір – Ғашықтар күнімен құттықтай отырып, сүйіңіз, сүйгеніңіздің сүйіктісі болыңыз деген тілек айтамыз!
Сүйем десем сенесің бе, маған қарай келесің бе?
Сол жолдарда тұнып тұрған кедергімді жеңесің бе?
Қайғыларым толы болса бұл өмірде мен үшін,
Жаным мені сонда да еш себепсіз сүйесің бе?
Сағынам десем сенесің бе, маған жауап бересің бе?
Сені алып тау шыңына шығып кетсем көнесің бе?
Сол шыңымда сөз айтып, жүрек берсем өзіңе,
Сол жүректі сақтауға жаным менің төзесің бе?
Қызғанам десем сенесің бе,оған тіпті күлесің де,
Сені сүйем сондықтан ғой, жаным мені түсінесің бе?
Алып кетер едім ғой ешбір пенде жоқ жерге,
Кетіп қалсам тіл қатпай жаным мені күтесің бе?
Жаным десем сенесің бе, сен жалғызсың сезесің бе?
Соған сеніп сен маған жүрегіңді бересің бе?
Жіпсіз маған байланып жүрегіміз бірігіп,
Мен жыласам жылап тұрып,күле жүрсем күлесің бе?
Өмірім десем сенесің бе, дауа бермей жеңесің бе?
Ешбір жара салмай, мен үшін өмір сүресің бе?
Сен қайғырсаң қайғырып, қуанышыңа қосылып,
Жаным мені дәл өзімдей айтшы ессіз сүйесің бе?