16 ЖЕЛТОҚСАН -ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

15 желтоқсан күні Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының оқытушысы Омаркулова Н.С. ТФП 19-011 тобына Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» атты кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін көрсету. Бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі – сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.