25 Қазан-Республика күні

18 қазан 2022 жыл Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының ассистенті Джалгасбаева Айгерим Бахытжанкызы фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының ТФП21-042 топ студенттеріне: «Республика күніне» арналған кураторлық сабағы өтілді.
1
2
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның мұқым халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі насихатталды. Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі. Осы қасиетті белгілердің мәнін студенттерге түсіндіріліп, оны қастерлеудің маңыздылығы айтылды. Осылайша, өткізілген кураторлық сағаттың нәтижесінде топ студенттерінің жүрегінде Республикаға деген патриоттық көзқарастар мен сүйіспеншілік оянды.