Дәрістің жоспары бойынша келесі бөлімдер қарастырылды:
- Дәрілікформаретінде ұнтақтардың сипаттамасы.
- Қарапайымжәнекүрделі ұнтақтарды дайындау технологиясы.
- Технологиялықкезеңдердіңсипаттамасы.
- Дәріханадаұнтақтардыдайындаудың жеке технологиясы.
- . Экстрактпен күрделіұнтақтардыдайындау. 6. Улы және күшті әсер ететін заттары мен күрделі ұнтақтарды дайындау. Тритурация.
- Орамдау, таңбалаужәнебезендіру.
Ғалия Сәруарқызы студенттерге дәрі-дәрмектің жеке дозаларын тағайындаумен байланысты өте күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін дәрілік заттарды дәріханада өндірудің өзектілігін түсіндірді. Сонымен бірге пациент талап ететін дозаны дұрыс есептеу, жазба бақылау паспортын және дайындау технологиясына дұрыс жасау керектігіне тоқталды. Дәрілік препараттарды дәріхана жағдайында дайындау олардың өндірісте шығарылуын толықтырады, себебі отандық өндірістің дамуы әлі де пациенттердің әртүрлі жасына байланысты, әсіресе жаңа туылған нәрестелерді, қарт ауруларды дәрілік препараттармен, кейбір жағдайларда инъекция түріндегі препараттармен, фитопрепараттармен, емдік-косметикалық препараттармен сұранысты толығымен қамтамасыз ете алмайтынын атап өтті. Осыған байланысты арнайы қарттарға, балаларға арналған, фитодәріханалар, ветеринарлық, емдік-косметикалық, ауруханалық және ауруханааралық дәріханалар болуы керек.
Дәрілер технологиясының екі бағыты – дәріханалық және өндірістік бірін-бірі толықтырады, сондықтан олардың дамуы және жетілдірілуі паралелльді жүретіндігіне тоқталып өтті және кез келген ғылыми, техникалық және өндірістік салаларда пайдалынатын терминдерді дұрыс түсіну және қолдану керектігіне тоқталды.
Дәрілік түрді жасаудың алгоритімін толықтай түсіндірді:
- Ингредиенттердің үйлесімділігін тексеру;
- Дозаны тексеру;
- Ингредиенттер санын есептеу;
- Ұсақтау (Елеу);
- Араластыру;
- Мөлшерлеу;
- Орамдау;
- Жазба бақылау паспортын ресімдеу;
- Қолдануға жіберуге рәсімдеу туралы түсіндірді.