Фармация мектебінің В072- «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім бағдарламасы бойынша оқитын 3 курс білім алушылары «Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы» бойынша өндірістік практикасын кестеге сәйкес 2025 жылдың 27 – шы қаңтарынан 20-шы наурызға аралығында 2 кредит – 60 сағат көлемінде Алматы қаласындағы ЖШС «Антиген», ЖШС «Нур-Май», ЖШС «Дольче», ЖШС «Фитолеум» базаларында, «Фармация» мамандығы бойынша Симуляциялық орталығында, фармацевтикалық технология және инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедраларының базасында өтуде. Өндірістік практикадан өтетін В072- «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім бағдарламасы бойынша оқитын 3 курс білім алушылар саны – 257 адам