7 қазан 2022 жыл Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының лекторы Адилова Кульвира Жарылкасыновна фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының ТФП22-039 топ студенттеріне: «Ішкі Ережелер мен тәртіп. Академиялық адалдық» тақырыбына кураторлық сағат өткізді. 1-ші курс студенттеріне университеттің ішкі ережелері мен тәртіптері туралы айтылды. Академиялық адалдық кодексі тақырыбы бойынша талқылаулар мен сұрақ -жауап өткізілді. Студенттермен жиналыс барысында достық қарым-қатынастық туралы айтылды.
Кураторлық сағат тақырыбы толық ашылды, материал көлемі бойынша дұрыс таңдалған, басты ой бөлінген, баяндамашылар баяндау логикасы ұтымды болды.
Кураторлық сағатты өткізудің таңдалған әдістері мен тәсілдері (топтық жұмыс, сауалнама – блиц) “Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру” патриоттық тәрбие моделіне сәйкес қойылған мақсаттарға, қарастырылатын материалдың мазмұны мен топ ерекшеліктеріне сәйкес келеді, студенттердің жауапкершілігі мен дербестігіне негізделген, кураторлық сағаттың қызметтік сипатын қамтамасыз етті. Кураторлық сағатты өткізудің ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары: Кураторлық сағат барысында куратор аудиторияда жағымды психологиялық микроклимат жасап, қарастырылып отырған тақырыпты түсіну атмосферасын жасады.
Студенттер кураторлық сағат тақырыбына қызығушылық танытты, топтық жұмысқа, блиц-сауалға белсенді қатысты.