«B085- Фармация» мамандығының, 3 курс білім алушылары Ресей федерациясы ДСМ «Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтика университетіне» ФМБ ЖББМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу тәжірибелерін өтті

 

Күндізгі оқу бөлімінің «B085- Фармация» мамандығының, 3 курс білім алушылары Ресей федерациясы ДСМ «Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтика университетіне» ФМБ ЖББМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2023 жылғы 05 маусым мен 10 маусым аралығында «Фармакогнозия» бойынша өндірістік тәжірибесі мен 12 маусым мен 17 маусым аралығында 30 сағат көлемінде (1 ECTS) «Фармацевтикалық технология (дәріханалық)» бойынша оқу тәжірибелерін өтті.

«Фармакогнозия» бойынша өндірістік тәжірибесіңде Ұлы Петр ботаникалық бағымен танысып, өсімдіктерден гербарий жасады.

«Фармацевтикалық технология (дәріханалық)» бойынша оқу тәжірибесінде университет ішінде орналасқан зертханада дәрілік заттар дайындалу жолдарымен танысып, түрлі дәрілік формадағы препараттарды жасап үйренді.

3 курс білім алушыларына Ресей федерациясы ДСМ «Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтика университеті» ФМБ ЖББМ ұнады, оқу тәжірибелері өте жақсы ұйымдастырылды. Университетте жұмыс жасайтын білім берушілері барлық керекті ақпараттармен бөлісіп, жан жақты болуға үйретті. Білім алушыларға педагогтардың мейірімділігі мен жауаптылығына тәнті болды.

Ресей федерациясы ДСМ «Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтика университеті» ФМБ ЖББМ ректорына оқу тәжірибесін өткізуге, ой-өрісін кеңейтуге және өмірлік тәжірибе жинауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.

Жіберілген білім алушылардың тізілімі

Аты-жөні Курсы Тобы Оқу негізі
1 Мусралиева Жанель Канатбековна 3 ФА20-001қ Грант
2

Шәмші Ақберен

Серғалиқызы

3 ФА20-001қ Грант
3

Хуандых Ахтолхын

 

3 ФА20-002қ Грант
4

Бахрон Гулзада

Комилжонкызы

3 ФА20-001қ Келісім шарт
5

Бахтиярова

Дильназ Маратқызы

3 ФА20-001қ Келісім шарт
6

Әміртай Ақжан Әділеткерімқызы

 

3 ФА20-001қ Келісім шарт
7

Амракулов Имир

Расулович

3 ФА20-003о Келісім шарт