«DOLCE-PHARM» компаниясындағы өндірістік тәжірибе

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері фармацевтикалық және ғылыми зерттеу орталықтарында өндірістік тәжірибеден өтуде.

Өндірістік тәжірибе барысында ТФП23-018 топ білім алушылары 29.09-03.10.2025ж. аралығында, ТФП23-019 топ білім алушыдары 6.10-10.10.25 аоалығында «DOLCE-PHARM» фармацевтикалық компаниясына барып, дәрілік препараттардың өндіріс барысымен жан-жақты танысты. Заманауи қондырғыларды көру, Дәрілік қалыптардың дайындалу кезеңін бақылау, Сапа мен қауіпсіздік стандарттарын меңгеру – олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге үлкен үлес қосады. Мұндай тәжірибелер студенттерге теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, болашақ фармацевт ретінде дамуына жол ашады.