2019 жылдың сәуір айының 19-шы жұлдызында аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы мен «Студенттердің Ғылыми Қоғамы» ұйымдастырумен ЖОО арасында өтетін жыл сайынғы «League of chemists» атты интеллектуалдық сайысы биылда жоғары деңгейде өткізілді. Бес турдан тұратын сайысқа Алматы қаласындағы Жоғарғы Оқу Орындарының химия пәнін оқитын студенттерімен қатар Ұлттық Медицина Университеті АҚ «Жалпы Медицина» мектебінің 1-ші курс студенттерінен құралған топтар қатысты.
Сайыстың мақсаты: химия, медицина бойынша білімдерін сынау, білімді жүйелендіру, студенттердің мотивациясын қалыптастыру.
Сайыстың жоспары бойынша: 1) командалар өзін таныстыру; 2) химиялық терминдер бойынша «кино фильмдердегі» жасырын әнді табу; 3) жасырын конферттегі химиялық реакцияларды шешу; 4) «Қорапшаның артында не жасырулы?» атты ойындар жүргізілді.
Сұрақтар жауабына бір минуттан уақыт берілді. Сайыс жауаптарын әр ЖОО оқытушыларынан құралған әділқазы алқалары бағалады. Сайысқа С.Ж.Асфендияров атындағы АҚ Ұлттық медицина университетінің xимия кафедрасының аға оқытушылары Ш.Ж. Айтуғанова және Г.А. Қағазбекованың ұйымдастыруымен екі команда қатысты.
Интеллектуалды сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар дипломдар, ақшалай сыйлықтар және сертификаттармен марапатталды.
Бұл интеллектуалды сайыстарды аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы доценттері А.Ә.Батырбаева және А.К.Жусуповалардың ұйымдастыруымен өтті.
Командаларды дайындаған жауапты жетекшілер:
химия кафедрасының меңгерушісі, профессор – Д.А.Мырзақожа; аға оқытушылар Ш.Ж. Айтуғанова; Г.А. Қағазбековаларға алғыс хат берілді.