2024 жылдың наурыз – сәуір айларында Республикалық «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Тәжірибеде инновациялық технологияларды қолдану» атты қашықтықтан өткізілген Республикалық студенттер мен магистранттардың ғылыми зерттеу жұмысы сайысында 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы 4-курс студенттері:
- Бақыт Рабиғаның «Прополис (propolis) экстрактымен тіс пастасының құрамын, технологиясын және сапасын бағалауды әзірлеу»;
- Жазира Кулабасованың «Кәдімгі дәрілік жаужапырақ шөбінен (melissa officinalis l.) Экстракт алу технологиясын әзірлеу»;
- Қалибек Аружан Мұқасанқызы «Дәрілік түймедақ (matricaria chamomilla ) Экстрактымен стоматологиялық пленканың құрамын, технологиясын әзірлеу және сапасын бағалау»
тақырыбындағы ғылыми жұмыстары жүлделі 2 орын иеленді.
Ғылыми жетекші – PhD, «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедра доценты Тлеубаева Меруерт Ильясовна.