6 қазан 2018 жылы Университет білім алушыларының тарихи, мәдени әлеуетін ашу мақсатында ҚазҰМУ мен Алматы қаласы музейлер бірлестігінің арасында жасалған меморандумға сәйкес 2 курс академиялық топ студенттерімен Алматы музейіне саяхат жасалды.
Модератор: Химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.
Ұйымдастырушы: Жастар саясатының басқармасы, Этикалық Кеңес
Алматы Егемен Қазақстанның тұңғыш астанасы болды, мұнда біздің Тәуелсіздігіміз жарияланып, ел Конституциясы қабылданды. Бүгіндері бұл заманауи мегополис – ірі мәдени, ғылым мен білім, іскерлік және қаржы орталығы, гүлденген, барша қазақстандықтардың сүйікті қаласы.
Алматы музейі 2001 жылы ашылған. 2016 жылдың желтоқсан айында, XIX ғасырдың сәулет ескерткіші – бұрынғы Балалар үйінің ғимаратында музейдің жаңа экспозициясы жасақталған. Алматы қаласының мың жылдық тарихымен 9 залдан тұратын бір ғана музейден шаhардан қола дәуірден қазіргі кезге дейінгі тіршілік тынысымен танысуға болады.