Фармация мектебінің 1 курс студенттері «5В110300 – Фармация» мамандығы бойынша жоғары және орташа білім негізінде «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру» өндіріс практикасы 2019 жылдың 15 мамыр мен 2 маусым аралығында 75 сағат – 1 кредит көлемінде Алматы қаласының ЖК «Абдибаева», 12 қалалық аурухананың дәріханасы, ЖШС «Еврофарма», қалалық наркологиялық медициналық және әлеуметтік түзету орталығының дәріханасы, ЖК «Крючкова», № 2 әлеуметтік дәріхана, LA-Profifarm өндірістік базаларында өтуде, ал 2 курс студенттері 5В110300 – Фармация» мамандығы бойынша жоғары білім негізінде «Фармацияны басқару және экономикасы» өндіріс практикасы 2019 жылдың 13 мамыр мен 6 маусым аралығында 75 сағат – 1 кредит көлемінде Алматы қаласының ЖК «Бидасова», ЖШС «Раузе-Аде» өндірістік базаларында өтілуде. Практиканы өту барысында студенттер дәріхана жұмыстарының ұйымдастырылуы мен басқарылуын меңгеруде. Практика аяқталғаннан соң диф.сынақ тапсырылады.