ЕСЕП
ҚазҰМУ түлегінің тұлға ретінде қалыптасу моделін жүзеге асыру мақсатында Фармацевтика институтының «Фармацевт-аналитик» модулінің оқытушысы 2 курс ФА14-001-1,2 қаз тобының тьюторы Ахелова А.Л. студенттерімен Орталық мұражайға 23 қаңтарда барды.
Мұражайдың тарихы мен онда қойылған қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдар жинақталғанын көздері жетті. Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың палеонтология залына хронологиялық мөлш. 570 млн. жыл бұрын кембрий кезеңінен бастау алып, голоцен деп аталатын бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жәдігерлік бұйымдар қойылған және олар казіргі Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады. Мұражайдың археология қорындағы сирек кездесетін экспонаттар — ежелгі обалар мен көмбелер табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мәнері ерте дәуірдегі бабаларымыздың эстететикалық талғамын көрсететіндігіне көздері жетті.
Мұражай қоры тәуелсіз Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысты жәдігерлер, ұлттық валюта үлгілері, жаңа марка түрлері, ғарышкерлер мен ғарыштану ғылымына қатысты тың материалдар, соңғы кездегі ұлттық қолөнер туындыларымен толықтырылған.
Фотосуреттер келтірілген.