Фармацевт-токсикологты дайындау модулі

«Фармацевт-токсикологты» дайындау модулі фармацевтикалық факультеттің маңызды құрылымының бірі болып табылады. Қазіргі кезде оқыту кредиттік технология бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Бакалавриатта модуль ГОСО-2006 жыл бойынша жұмыс істейді, 2, 3, 4, 5-курс студенттері оқиды. Оқыту 1 базалық және 10 элективті дисциплина бойынша жүргізіледі.

Химик-токсикологтың практикалық қызметінің бағыты:

— республикалар мен облыстардың сот-медициналық сараптама қызметінің химико-токсикологиялық зертханасының жетекшісі;

— республикалар мен облыстардың токсикология, наркология және социалды реабилитациялар орталығы қызметінің химико-токсикологиялық зертханасының жетекшісі;

— ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің және облыстарының сот-медицина орталығының сот-медициналық эксперт-химиктері, өткір уланулардың экспресс-диагностика зертханасының химик-токсикологы, сондай-ақ республикалар мен облыстардың наркологиялық орталығының химик-токсикологы.

Фармацевтикалық химия кафедрасының құрамында токсикологиялық химия курсы 1954 жылдан бері қызмет етеді. Осы уақыт бойы кафедрада токсикологиялық химия курсы бойынша мына мұғалімдер білім беруде: профессор Э.М.Бисембаев, доценттер Р.А.Жубаева, Т.Байзолданов, Г.М. Саяқова, А.Р.Шопабаева, Кунанбаева Г.С. және Ф.Д.Даулетбақова, фармацевтика ғылымдарының кандидаттары: К.У.Утежанов, Г.И.Бралинова және Р.Калелова, аға оқытушылар Г.Д.Грачев және тағы басқалар.

Әр түрлі жылдардағы кафедра меңгерушісі болғандар:

  1. Доцент Бабич Соломон Хафимович (1953-1969 жж)
  2. Доцент Тегисбаев Есболган Тегисбаевич (1969-1979 жж, 1990-1995 жж)
  3. Проф. Бейсенбеков Алимхан Сабекович (1979-2009 жж)
    БЕЙСЕНБЕКОВ АЛИМХАН САБЕКОВИЧ – фарм. ғ. докторы, профессор
  4. Проф. Ушбаев Кеңесбай Ушбаевич (1989-1990 жж)
    УШБАЕВ КЕҢЕСБАЙ УШБАЕВИЧ Қазақстан Республикасының профилактикалық медицина Академиясының академигі, фармацевтика ғылымдарының докторы
  5. Проф. Омарова Роза Амиржановна (2009-2011 жж)
    ОМАРОВА РОЗА АМИРЖАНОВНА– хим. ғ. докторы, профессор
  6. Проф. Байзолданов Төлеген 2011 жылдан бері.
    Байзолданов Төлеген – модуль меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор.

Осы уақытта курста фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Т.Байзолданов ҚР ДСМ сот-медицина орталығының РГКП Алматы филиалының сот-медициналық эксперт-химиктері Дарикулова Б.У. және Байзолданова Ш.Т. жұмыс істейді. Сондай-ақ модульде химия ғылымдарының магистрі, аға лаборант Абуқызы Р. жұмыс істейді.

Дарикулова Багима Урмановна- жоғары категориялы сот-медициналық сарапшы-химик
Байзолданова Шолпан – бірінші категориялы сот-медициналық сарапшы-химик

 

Модуль жетекшісі – Байзолданов Төлеген 1966 жылы АММИ-ді бітірген, 1974 жылы кандидаттық, ал 2004 жылы докторлық диссертация қорғаған. 1967 жылдан 1995 жылға дейін АММИ кафедраларында оқытушы болып қызмет еткен. Сонымен қатар АММИ-нің Шымкенттегі филиалының аналитикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі болып 10 жыл қызмет еткен.

Осы қызмет жылдары ол 100-ден аса баспа жұмыстарын, 5 монография және фармацевтикалық факультеті студенттері үшін 10 кітаптар мен оқу-әдістемелік құралдар жазды.

Ғылыми жұмыстарының негізгі бөлігі химико-токсикологиялық зерттеулер мәселесіне арналған. Жеке зерттеулер нәтижелері ҚР ДСМ-нің сот-медициналық сараптамасының тәжірибесіне енгізілген. Ол 2 алдыңғы патентке және ҚР-ң 1 авторлық куәлігіне ие.

Ол «Дәстүрлі халық медицинасының дамуына жеке үлесі үшін» номинациясының «Мамандық — өмір» халықаралық премиясының лауреаты және Үлкен алтын Премия статуэткасымен, «Рубин» мантиясымен, «За Честь, Доблесть, Созидание және Милосердие» Орденімен, «Қоғамдық мойындау» Сертификаты және марапаттық белгісімен марапатталған.

 

ОҚУ ПӘНДЕРІ:
Негізгі:

  1. Токсикологиялық химия – 4 курс.

Элективті пәндер:

  1. Сот-медициналық талдау тірі тұлғалардың және мәйіттердің жедел улану диагностикасын жүргізетін басқа да ҚР ұйымдары – 2 курс;
  2. Токсикалық агенттердің классификациясы және токсикалық әсердің түрлері – 2 курс;
  3. Химия-токсикологиялық талдаудың негіздері – 3-курс;
  4. Қоршаған ортаның экотоксиканттары – 3 курс;
  5. Токсикологиялық химияның аналитикалық және биохимиялық негіздері – 4 курс;
  6. Прекурсорлар – 4 курс;
  7. Допингті заттар – 4 курс;
  8. Биологиялық объектілердің химия-токсикологиялық талдауы – 4 курс;
  9. Улы дәрілік заттардың химия-токсикологиялық талдауы – 4 курс;
  10. Биологиялық қауіптілік және жаппай қырып-жою құралдары – 5 курс.

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА

4 курс студенттері сот-медицина орталығы, токсикология орталығы Алматы қалалық наркологиялық және социалдық реабилитациясында оқу өндірістік практикадан өтіп жатыр.

БИСЕМБАЕВ ЭДВАРД МУХАМЕДЖАНОВИЧ– Фарм. ғ. докторы, профессор

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

  1. Стероидты алкалоид соланидин және тонбиол негізінде препараттар құру;
  2. Алматы қаласы халқының токсикалық жағдайын оқу.

 

МОДУЛЬДІҢ ҚР ДС БАСҚА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН БАЙЛАНЫС ЖАСАУ МАҚСАТЫ

Химик-токсиколог модулі басқа жоғары оқу орындарымен шығармашылық байланыс жасайды, сонымен қатар шетелдік токсикологиялық химия ұйымдарымен байланыс жасайды. Бұл бағытта Cібір ММУ профессоры Прибыткова Л.Н. 3-11 қазан 2011 жыл аралығында лекция оқыды, 4 курс студенттерімен сабақ өткізді. Екі университет ҚазҰМУ және Cібір ММУ арасында оқу бағдарламасын бірыңғай ету жұмысы жүріп жатыр.

Прибыткова Л.Н. профессордың студенттермен визитингі
Томск қ. СібММУ профессоры Прибыткова Л.Н. – визитинг сабақта

Мамандарды дайындауда, оқытуда инновационды технологияға жету мақсатында 4-курс студенттеріне СМО АФ химико-токсикологиялық зертханада зертханалық сабақтар жүргізіліп жатыр. Бұл зертханада студенттерге жоғары білікті маман эксперттер сабақ жүргізеді, студенттер нормативті құжаттармен танысады, қазіргі заманғы зерттеу әдістерін игереді.

ҚР ДСМ СМО Алматы филиалындағы химико-токсикологиялық зертханалық сабақтарда
Сабақты СМЭ-химик Байзолданова Ш.Т. жүргізуде

Химик-токсиколог модуліне курсты ұйымдастырумен байланысты токсикологиялық химия курсының әдістері оқу бағдарламаларының жаңа талаптары бойынша оқу сабақтарын қайта құру және СМО АФ оқу базасын максималды қолдану бойынша қайта қарастыру жұмыстарын жүргізуде. Фармацевтика факультеті студенттері үшін қазақ тіліндегі токсикологиялық химия кітабын шығару жоспарлануда.

Токсикологиялық химиядан зертханалық сабақтар
Семинарлық сабақты проф. Байзолданов Т. өткізуде