Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай «Химия-өмір, нұршашқан көңіл»! – атты химиялық кеш өтілді.
Химиялық кеш С.Ж. Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ, Concordia театры, 1600-де, 8 желтоқсан 2016 жылы өтілді. Кешке фармация және фармациялық өндіріс технологиясы факультетінің оқытушылары, фармакогнозия курсымен, химико-токсикологиялық пәндер курсы, фармацевтикалық химия курсы және клиникалық фармация мен фармацияны басқару және экономикасы фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі мен оқытушылары мен фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің 1,2,3 курс студенттері, фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультеті деканат қызметкерлері, сонымен қатар 5В110300-«Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығына кәсіптік бағдар беру беру мақсатында №126, №149, №162 мектеп түлектері қатыстырылды.
Ұйымдастырушы:
Фармацевтикалық пәндер кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты, х.ғ.к., доцент Шекеева К.К.
Кешті өткізу мақсатымыз: Ұлан ғайыр атырап Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы қазақтың алтын бесік ата жұрты. Осы қазақ жерінде біз білетін Менделеевтің кестесіндегі элементтердің барлығы бар. Бұл деген әсем табиғаттың бізге берген ғажайып сыйы. Ендеше, осы ғажайып сыйды тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпесін десек бүгінгі ұрпақ барынша білімді болуы бұл заманның талабы. Бұл байлықты игеру үшін әрі басқа елдермен ғылымда бәсекеге түсу үшін химия пәнін білу керек деген сөз. Қазіргі таңдағы әлемде өте сұранысқа ие химия пәнін оқуда біздің қазақ жастарының ынтасы төмен, Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел болу үшін, басқа елдермен терезі тең, керегесі биік тұруы үшін, бар білімнің атасы химияны білетін білікті мамандар, білімді жастарды тәрбиелеу. Еге білсең егін тасқа да бітеді деген қазақ атам. Студенттердің химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, химия пәнін поэзия, ойын арқылы қаншалықты оның өмірде, білікті маман болып қалыптасуына қажет екенін жеткізу. Студенттердің өз мамандығын сүюге тәрбиелеу.
ҚазҰМУ-ң 5В110300-«Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығына кәсіптік бағдар беру беру мақсатында Алматы қаласының №126, №149, №162 мектеп түлектеріне «Ашық есік» өткізілді. Химиялық кешке қатысқан №126, №149, №162 мектеп түлектеріне ҚазҰМУ-ң 5В110300-«Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы туралы ақпарат буклеттері қолдарына таратылды.
Бағдарламаға сәйкес химия мен поэзия және химия мен өмір байланысы бар «концерттік шоу» өтілді, қызықты химиялық эксперименттер қойылды, Kahoot бағдарламмасы бойынша физикалық химиядан логикалық сұрақтар –ойын, ҚазҰМУ-ң КВН құрама командасы, «Химиялық-сезім» байқау өтіліп, жеңімпаздар «ХИМИЯ АРУЫ-2016, ХИМИЯ СҰЛТАНЫ-2016, РЕАКЦИЯ АРУЫ-2016, РЕАКЦИЯ СҰЛТАНЫ-2016 және т.б. номинациясымен марапатталды, сонымен қатар «Ең балғын балмұздақ-2016» ойыны өтілді. Белсенділік танытқан студенттер мадақтау қағазымен марапатталып, сыйлықтар үйлестірілді.